Ақтау әуежайының қоршауға алынуына байланысты ресми ақпарат жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша, ұшақ жолаушысының бірі күдікті пакетпен ұсталған, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Ақтау халықаралық әуежайында болған оқиғаның видеосын куәгерлер Уoutube желісінде жариялады. Ол жерден ғимарат сыртына эвакуцияланған қарақұрым халықты көруге болады.
Сондай-ақ, тағы бір видеода ұшақ ішінде отырған жолаушылар көрінеді.
5 сәуірде болған оқиғаның куәгерлері күдікті зат туралы хабарлама түскені туралы өз болжамдарын алға тартады. Сондай-ақ, тағы бір куәгерлер ұшақ жолаушысынан ауру анықталғанын айтады.
"Шымкенттен ұшып келген FlyArystan ұшағында коронавируспен сырқаттанған ауыр науқас болды. Ұшақ жолаушылары бір сағатқа жуық сыртқа шығарылған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен өзге де органдардың өкілдерін күтіп тұрды. Мұндай әрекет жолаушылардың шамына тиді", – дейді куәгерлердің бірі.