Қарағандылық азамат википедияға 4 000-нан астам мақала жазған

Ғаламтордан керегіңізді іздей қалсаңыз алдымен википедия сайтына тап боласыз. Мұнда не керектің бәрі бар. Түсінікті тілмен айтқанда онлайн британика энциклопедиясы . 

Википедия сайты кез-келген адамға ашық. Жазуға икемі бар желі қолданушылары өз мақалаларын жариялай алады. Энциклопедияның басты қағидасы - сөз бостандығы және ақпаратқа қол жетімділік.

Кеншілер шаhарында электронды энциклопедияға 4000-нан астам мақала жазған адам бар. Оның ішінде - 3 104 орыс тілінде, 981 қазақ тілінде және 21 мақала ағылшын тілінде жазған. Қайыр Рысбаев уикипедияға 2009 –дан бері ақпарат салып келеді. Қайыр Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, білімін Мәскеудің жоғарғы экономика мектебінде жалғастырған. Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайды. Википедияға мақала жазу Қайырдың тек хоббиі екен.

"Википедияға  ақпарат жазу бұл менің хоббиім. Өзің білгеніңді басқалармен неге бөліспеске. Ақпараттық ғасырда көптеген жұмыстар интернетке байлаулы десе болады. Ал өз кезегінде википедияда жұмысқа керекті ақпараттың барлығы қолжетімді. Сол себепті мен энциклопедияға  үлес қосамын. Яғни, пайдаланушылар өздеріне қажетті ақпаратты алсын деген мақсатта. Уикипедия-бұл коммерциялық сайт емес. Мұнда қажеттің барлығы бар десе болады",- дейді Кайыр.

Қайыр қазақ википедиясының әкімшілерінің бірі. Сол  себепті ол дұрыс емес ақпаратты түзетуге де құқылы.

"Кез-келген адам википедияға жаза алады. Бірақ ақпарат міндетті түрде тексеріледі. Сондықтан вандализм, жалған ақпарат әдетте тез жойылады. Сондай-ақ, егер қатысушы ережелерді жиі бұзса, онда администраторлар заң бұзушыларды бұғаттап тастайды", – дейді википедия әкімшісі.

Қайыр Википедияға сенуге бола ма? –деген сұраққа:

«Википедияның сенімділігі қағаз энциклопедияларына қарағанда жоғары, сонымен қатар мақалалар саны көбірек және өзекті. Википедияның қателіктерінің саны британдықтармен салыстырылды.» - деп жауап берді Қайыр Рысбаев.

Аяжан ЕРАЛЫҚЫЗЫ