Жезқазғанда әжесі мен немересін көлік қағып кетті

Жезқазған қаласында 47 жастағы әйел мен оның 5 жастағы немересін көлік қағып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған.  

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әжесі мен немересі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш факт тіркеуге алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Солардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кету керек, жаяу жүргіншілерге арналған жол көлік оқиғасы орын алған жерден небәрі 20 метр жерде ғана орналасқан екен.