Жезқазғанда ер адам 8 жасар баладан ұялы телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйекте Қарағанды облысының Жезқазған қаласында көпқабатты үйлердің бірінің жанындағы ойын алаңында белгісіз біреу 8 жасар қыздың абайсыздығын пайдаланып, 25 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткен. Баланың анасы 30 жастағы әйел көмек сұрап, учаскелік полиция пунктіне арызданған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 59 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат алынды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.