Жезқазған қаласының экономикасы қарқынды дамып жатыр

Жаңа 2022 жылдың бюджеті 22 млрд 559 млн 637 мың теңге көлемінде қалыптасты. Бюджет қаражаты бізге қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына бағытталған барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

Жалпы, әкімдік жоспары бойынша 2022 жылы қала экономикасы 2%-ға немесе 855 млрд теңгеге өседі. Өсім өнеркәсіп есебінен 720 млрд теңге көлемінде немесе 1,3%-ға қамтамасыз етіледі, мұның өзінде ірі және орташа кәсіпорындарға инвестициялар деңгейі 44,2 млрд теңгені, 1,3% өсімді құрайды. Ауыл шаруашылығының өсімі 1,5%-ға немесе 8,9 млрд теңге көлемінде көзделіп отыр.

Тауар айналымын өткен жылдың деңгейінде, шамамен 60 млрд теңге көлемінде қала әкімдігі ұстауға ниетті. Құрылыс көлемін 22,7 млрд теңгеге орындап, немесе 1,3%-ға, арттырып, сондай - ақ берілетін тұрғын үй көлемін 28,2 мың ш. м. жеткізбекші.

2021 жылы қала экономикасына кәсіпорындар мен ұйымдар 13% өсіммен 42 млрд.теңге инвестициялады, оның ішінде жеке инвестициялар – 31,9 млрд. теңге немесе жалпы көлемінің 76%. Барлығы 850 млн теңге тартылып, 45 жұмыс орны құрылған екі жаңа инвестициялық жоба іске қосылды – бұл, ол:

- Құрылыс материалдарын өндіру зауыты;

- "Самади - 2030" ұн тарту кешені.

Қаладағы дәстүрлі мыс өндірісінен кейін, экономикаға қарқын беретін - ол жаңа инвестициялық жобалар.

2014-2020 жылдары индустриалды-инновациялық даму аясында қалада 9 инвестициялық жоба іске қосылып, 652 жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы бұл кәсіпорындар 39% өсіммен 3,9 млрд.теңгенің өнімін өндірді.

Сонымен қатар, биыл инвестиция көлемі 18 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны аяқтау жоспарланған, - деді қала әкімі.

2022 жылы оң динамика сақталады, инвестиция көлемі 44,2 млрд.теңгені құрайды деп болжануда.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Жезқазған қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты, - деді қала әкімі.

Қ.Әбсаттаров жалпы қала экономикасы 14,1% - ға өсті, немесе өсім 836 млрд теңгені немесе әрбір тұрғынына шаққанда 9,3 млн теңгені құрады. Оның ішінде өсім:

- саудада – 29% болса,

- ауылшаруашылығында - 28,9% құрады. Мұнда жылқы, ірі қара және ұсақ мал басының 23 тен 27 пайызға дейін артқанын атап өту қажет. Құс 2 есеге, ал ет пен сүт өндірісі 5-7 пайызға дейін өсіп отыр.

- инвестициялар мен өнеркәсіп сәйкесінше 13 және 13,5%-ға жеткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, 26,4 мың ш.м. тұрғын үй салынды.

2021 жылғы қала бюджеті 111% - ға орындалды.

Жұмыссыздық бұрынғы деңгейде - 4,8%, жалақы 235 мың теңгеден 282 мың теңгеге дейін немесе 20% -ға өсті. Халық саны қалыпты.