Мүгедек әйелді тонап кеткен жезқазғандық тұрғын ұсталды

Жезқазғанда ер адам мүгедек әйелді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на 51 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол 31 жастағы мүгедек қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, біреу оның алтын сақинасын тартып алғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Полиция ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

13 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.