2021 жылдың желтоқсанында "Ахтямов" шаруа қожалығының құс етін өндіру инвестициялық жобасы іске қосылды, қуаты – жылына 1000 тонна құс еті.
Өңірлік коммуникациялар брифингінде есеп берген Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 16 млн.теңгеге 4 шағын несие берілгені туралы айтты.
Өсімдік шаруашылығын одан әрі дамыту және егіс алқаптарын ұлғайту мақсатында 2021 жылы конкурс арқылы Талап, Кеңгір ауылдық округтерінен 705 гектар 4 жер телімі берілді. Егін егу жұмыстары ағымдағы жылы басталады деп жоспарлануда.
Биылғы жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8 млрд.900 млн. теңге көлемінде болады деп күтілуде.
Қалада 710 млн.теңгеге 28 шағын және орта бизнес объектілері ашылды және 130 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында жалпы құны 2,6 млрд.теңге болатын 275 жобаға қолдау көрсетілді, 250 жұмыс орны сақталып, 40 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы шамамен 760 млн.теңге сомасына 31 объект ашу және 140-тан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Тауар айналымының көлемі 59 млрд. теңге сомасында күтілуде, - деді Жезқазған қаласының әкімі.
Бірінші қажеттілік азық-түлігіне бағаның өсуін тежеу мақсатында, жалпы инвестиция көлемі 80 млн.теңге болатын 8 "ULҮ DALA" шағын-маркеті іске қосылып, 24 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап қаланың ірі сауда нүктелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесін 10%-дан көтермеу туралы меморандумға қол қойылды.
Осы жылы "Самади" жаңа гипермаркетін іске қосамыз, онда азық-түлік бағасы нарықтағыдан 5-10 пайызға төмен болады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 35 мың га жер учаскесі бөлінді
