Жаңа облыстардағы көліктерге қандай код берілетін мәлім болды

tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін айтты.

Қазақстанда көлік құралын тіркеу кезінде өңірді сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі қолданылады (қазір - 1-ден 17-ге дейін).

"Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты қазақ әліпбиіндегі тәртіппен беріледі. Осыған байланысты жаңадан бөлінген үш облысқа: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19 және Ұлытау облысы - 20 кодын беру ұсынылды", - деді ІІМ өкілдері.

Жаңа облыс тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстыру қажет емес екені де айтылды.