Туризм - табыс көзі

Ашық дереккөз

Бүгінгі таңда туризм экономикасы қарқынды дамып жатқан елдердің басты табыс көзіне айналды. Қазақстанның туризмдік әлеуеті бола тұра, аталған саланы әліде дамыта алмай келеді. Туристерді тарта алатын Балқаш көлі, Баянауыл, Бурабай, Алакөл, Түркістан, Каспи теңізі, Бектау ата, Қарқаралы сияқты туристік орындар жетерлік.

Сауалнамалар қортындысы көрсеткендей, әлемдік туристерді әуелі Қазақстанның табиғаты, саятышылық дәстүрі, киелі жерлердің тарихы қызықтыратыны анықталған. Бірақ, еліміздегі қызмет көрсету сапасының төмендігі мен демалыс орындарының әлемдік стандартқа сай болмауынан келем деушілердің қатары сиреген. Люкс санаттағы демалыс орындары болса да, бағасы тым қымбат. Шетелдіктер түгілі жергілікті халықтың өзі отандық демалыс орындары қолжетімсіз дейді.

Мархабат Советова медицина саласында 4 жылға жуық уақыт қызмет жасайды. Ол әр жыл сайын өзінің еңбек демалысын асыға күтетін айтады. Бірақ, қанша күткенімен демалыс орындарының бағасына қарап құрған жоспарлары орындалмаған күйі қалады екен.

Мен әр жыл сайын еңбек демалысымды асыға күтемін. Демалғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Шет ел аралаған жақсы әрине, бірақ өзіміздің елдің бар табиғатын тамашалап болған жоқпын, сол себепті өзге елге демысқа шығуға асықпаймын. Оған қаржы да жеткіліксіз. Шетелден бұрын өзіміздегі демалыс орындарының бағасы өте қымбат, қолжетімсіз. Қызмет көрсету сапасы да төмен ”, - дейді Мархабат.

Әлемдік тәжірбиеде кез-келген дамушы ел өзінің туризм саласына аса мән береді. Себебі, туризм көп шығынды қажет етпейтін, экологиялық тұрғыдан таза кәсіптің түрі. Шөл даладан ең табысты туристік қала жасап шығарған Дубайдың тәжірбиесі Қазақстанға қолдануға болар еді. Көлі де бар, шөлі де бар, тұмса табиғаты бар, алып таулары да жетерлік Қазақстан туризм саласындағы алыпқа айналуға мүмкіндігі бар.

Сіз қай жаққа демалысқа бармақшысыз?

Аяжан ЕРАЛЫҚЫЗЫ