Трейдинг жайлы не білесіз?

Ашық дереккөз

Бүгінгі таңда көп елдің ауызында жүрген «трейдинг» терминін естіген шығарсыздар. Бірақ нақты анықтамасын көпшілігі біле бермейді. Трейдинг – арнайы биржадағы саудадан пайда табуға бағытталған жұмыс. Трейдинг арқылы қаржыны бірнеше есесге көбейтуге болады. Мұндай саудаға қатысушыларды «трейдер» деп атайды. Әдетте трейдингпен қаржысы бар адамдар айналысады. Онымен қоса қаржылық жағынан сауатты болғаны дұрыс.

Қазақстанда да трейдинг қарқынды дамып келеді. Осы саланы меңгерген трейдер Ғали Шамбай трейдингті қарапайым тілмен айтқанда кәдімгі базарға теңейді. Тек мұнда акцияларды алып, сатады деп түсіндіреді.

- Трейдинг - негізі компания дамысын деген ниетпен жасалады. Кез келген компания копитализацияға жеткенде қоғамдық компанияға айналады да қор биржасына барып, акциялар алады. Бұл акциялар өз кезегінде компанияның дамуына көмектемеді-, дейді Ғали Шамбай, қаржы маманы, трейдер.

Қазақстан нарығына тигізер пайдасы бар ма?

- Қазақстан нарығына тигізетін пайдасы зор. Қазіргі кезде бұл сала қарқында дамып келеді. Бұл біздің Отандық компаниялардың дамуына да үлесін қосады.

Ол үшін салық төлейсіз ба?

- Мен АҚШ брокерлерімен жұмыс жасайтындықтан жылына табысымның 10 пайызын салық ретінде төлеймін. Егер қазақстандық компаниялармен жұмыс жасасам салық төлемеймін. Себебі мен Отандық компанияның дамуына үлес қосқан болып есептелемін,- дейді қаржы маманы.

Трейдер болып, табысымды еселеймін десеңіз әлеуметтік желілерде арнайы оқытатын курстар толып жатыр. Бірақ ақылмен саралап, жақсы нәтиже көрсеткен жобаларды таңдағаныңыз жөн.