Театр этикеті

Saryarqanews

Тетар - адам жанының айнасы. Тетарда сахнада болып жатқан қойылымға кіріп, күйбен тірлікті ұмытуғуа мүмкіндік бар. Сол себептенде миды тынықтырып, рухани азық алу үшін тетарға барып жатады. Театрға бара қалсаңыз ол жерде қандай әрекеттерге жол беруге болмайтынын білгеніңіз жөн. Себебі кейде көрермендер театр этикетін сақтамай, жанындағы көрермендердің қойылымнан ләззат алуына кедергі келтіріп жатады.

Saryarqanews.kz ақпараттық порталының тілшісі Махамбет театрының экс әртісі, Қазақ ұлттық университетінің  магистранты Тәңірберген Жәңгірмен сұхбаттасып көрермендерге театрда жасауға болмайтын әрекеттер тізімін ұсынады.

  1. Театрға қойылым уақытынан ерте барған жөн. Себебі қойылым басталмай тұрып, көршілеріне кедергі келтірмей өз орынын тауып отырып алу қажет. Кешіккен жағдайда есік маңындағы бос орындарға отырып, үзіліс кезінде билетте көрсетілген ойынға жайғасу керек.
  2. Бұл жерде тамақ жеуге, өзімен тамақ алып келуге тыйым салынғанын ескеру қажет. Қойылым арасындағы үзілістерде театр асханасынан тамақтануға болады.
  3. Көп театрларда фото, видеотүсірілімге рұқсат етілмейді. Дегенменде рұқсат етілген театрлар бар. Ондай театрларда түсірілім жасамас бұрын телефондағы жарықтың өшірулі екеніне көз жеткізіп алған жөн
  4. Көрермендер қойылым басталар алдында телефонды дыбыссыз режимге қою керек. Осы әрекет арқылы залдағы көрерменге де, әртістерге де зиянсыз болады.
  5. Егер театрға барарда жайсыздық сезімі туса, келмеген жөн.  Денсаулығы нашарлағанда театрға келмеу арқылы аур таралудың аллдын алады әрі театр акустикасын ұмытпаған жөн. Оқыс шыққан кез-келген дыбыс барлық залға естіледі.
  6. Тетарға барғанда дресс кодты да ескеру қажет. Классикалық үлгідегі киім киген дұрыс. Киімнің қысқа болмауына да мән беру керек және джинсы матасынан тігідген шалбарлар кимеген жөн. Ол күнделікті өмірде киюге арналған. Ал театр мәдени орын болғандықтан сәйкесінше киіну керек.

1

Тәңірберген Жәңгірдің айтуынша өнер адамына деген көрермен тарапынан кішігірім сыйластықтың өзі шабыт беретін көрінеді. Сол себепті де қарапайым қағидаларды ұстанса екен деген ұсыныс білдірді әртіс. «Театр этикетін сақтамаса, ол әрине сахнадағы әртістерге кедергі келтіреді. Көрермен спектакль басталып қойғанда кірсе, бір-бірімен әңгіме айтса, Телефон шұқылап отырса әртістің ойы бөлініп, өзінің обрызын ойдағыдай алып шыға алмай қалуы мүмкін. Және айта кететін жайт қойлым барысында ысқырып, қол шапалақтауға болмайды. Актердің ойыны адамға эмоциялық тұрғыдан әсер еткенде бірден қол шапалақтай жөнеледі. Үлкен классикалық шығармаларда бұған жол бермей, аяқталуын күткен жөн. Тағы бір мәселе театрға кішкентай сәбимен келетіндер бар. Ол бала болғаннан кейін жылауы мүмкін, оны уатамын деп сыртқа шығу керек болатын жағдайлар болып жатады. Көрермен өзіне де, өзгеге де қойылымды тамашалауға кедергі келтіреді. Көрермендер осы мәселелерді ескерсе екен»,- дейді театр әртісі.

Театрға барып,  театр өнерінің дамуына үлес қосатын және театр этикетін сақтай білетін көрермендер көбейе берсін!

Ақниет ЫСҚАҚ