Бұл сында 130 келіде ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді.
Бразилияда өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл сында 130 келіде ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз финалдық кездесуде түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдылықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды.
Өз кезегінде 97 келіде Асылжан Тажиев Иран спортшысына есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады. Ал, Нұржан Асан (77 кг), Алдияр Балташевтар (60 кг) үшінші орын үшін болған бәсекеде қарсыластарынан басым түсіп, қос спортшымыз ел қоржынын тағы екі қоламен толықтырды.