Самат Әбіш тергеуде

Ашық дереккөз

Тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты.

Алайда ол тергеу амалдары барысында С. Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады.

А. Әмірхановтың айтуынша, тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр.

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек», - деді Асқар Әмірханов Мәжілесте тілшілер сауалына жауап бере отырып.