Немересіне жыр орындап берген атаның әрекеті көпті сүйсіндірді (видео)

Әлеуметтік желіде ойыншық домбыраны сабалап, көзін ойнақшытып, немересіне жыр айтйып берген атаның видеосы қызу талқыланып жатыр. Қазақы шапан киіп, рухты жыр айтқан ер адамның кім екені белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Махамбеттің жырын кішкентай немересіне айтып жатқан атаның видеосы Facebook желісінде пайда болды. Онда ер адам домбыраны сабалап, өлеңді нақышына келтіріп орындап жатыр. Ал атасының жырын кішкентай балақай мұқият тыңдап отыр.

Желі қолданушылары: "Атасы да, немересі де күшті. "Атасының жырымен өседі. Үйреніп алған сияқты тыңдап отыр балақай", "Тыңдап отырған түрден cол", "Баланы жастайынан осылай тәрбиелеу керек", — деп түрлі пікір қалдырды.