Мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қорына 1 күндік жалақыны аудару қажетсіз бастама екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аудару "мүлдем қажетсіз бастама" екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үндеуімді қолдап, "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударып жатқандарға алғыс білдіремін. Бұл игі және дер кезінде жасалған әрекеттер ең жоғары бағаға лайық. Бірақ бұл жерде формализм мүлдем болмауы керек. Мемлекеттік қызметшілерден, бюджеттік қызметкерлерден бір күндік жалақы жинала бастады. Бұл мүлде қажетсіз бастама", - деді Президент.

Мемлекет басшысы қор бюджеттік қор емес екенін баса айтты.

"Бұл - Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысын бюрократиялық процедурасыз құру керек. Бұл жұмыс толық ашық болады. Барлық ірі компания пайдалы қайырымдылық қызметпен айналысатын қорға үкімет белгілеген салық кірісінің пайызын енгізеді. Бизнес қауымдастық бұл бастаманы шын жүректен қолдайды және қорға жобаны жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін", - деді Тоқаев.