Түркістан облысында көлігімен қызғалдақты таптаған көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде «Toyota» маркалы көліктің қызғалдақты таптап жүрген суреті таралып жатыр. Ақ көлікпен қызыл қызғалдақты еркін басып тұрған жүргізушінің әрекетіне қатысты тұрғындар әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Ал, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жабайы дала қызғалдағы «Қызыл кітапқа» енбегендіктен ешқандай шара қолданылмағандығын жеткізді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушіге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектелген. Жалпы оқиға Сарыағаш ауданының аумағында орын алған. Тәртіп сақшылары көліктің номері бойынша жүргізушіні іздеп тауыпты. Ал, көлік иесі бұл әрекетін қызық үшін жасағандығын айтқан.