"Қазгидромет" алдағы үш күннің ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер 21,2 және 23 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Мамандардың айтуынша, Ресейдің Мурманск ауданынан келген циклонның әсерінен еліміздің кей аумақтарында қар аралас жаңбыр жауу мүмкін, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.

"22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында қарлы боран болып, ауа температурасы түнде - 3 аязға дейін төмендейді, күндіз 2-10 жылы", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

22 қазаннан бастап антициклон республиканың батыс аймақтарына әсер етеді, соған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, ауа температурасы күндіз 15-22 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.