Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Тәжікстан Республикасына барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қ. өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен қатар бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.