Қасым хан туралы тарихи фильм прокатқа шықты

Ашық дереккөз

Тарихи кинотуындының сценарийін белгілі кинодраматург Бекболат Шекеров, Назира Бақаева және Ақан Сатаев жазды.

Қазақстандықтар 12 мамырдан бастап режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи драмасын кинотеатрларда прокатқа шықты.

Тарихи кинотуынды Қазақ хандығында Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан билік еткен кездері туралы баяндайды.

Дәл осы жылдары Қазақ хандығы өркендеп қана қоймай, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылып, қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды.

Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялық құжаттың көмегімен ел басқарды.

Тарихи кинотуындының сценарийін белгілі кинодраматург Бекболат Шекеров, Назира Бақаева және Ақан Сатаев жазды.

Қасым ханның жас кезін Данияр Оразаев ойнайды, Ересек Қасым хан – Берік Айтжанов, Жас Бұрындық хан – Айдос Абдықадыров, Ересек Бұрындық хан – Ерік Жолжақсынов. Мұхаммед Шайбани – Нұрлан Әлімжанов. Жаһан бегімнің жас кезін Алтынай Нөгербек, Егде Жаһан бегімді Шәмшагүл Мендиярова ойнайды. Әли Рашидтің жас кезін – Қуаныш Құдайберген, Ересек Әли Рашидті – Тұңғышбай Жаманқұлов сомдайды.

«Тарихи фильмді түсіруге 2500 адам тартылды. Олардың әрқайсысы өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарады. Біздің кеңесші-тарихшыларымыздың айтуынша, бұл ғылыми жұмысқа ұқсас болған. Барлық тарихи мәліметтер, фактілер экранда көрсетіледі. 14 ғасыр біздің халқымыздың іргелі кезеңі екені белгілі», - деді Ақан Сатаев.