Қарқаралы ауданында екі табиғи өрт ошағын сөндіру жалғасуда

Ашық дереккөз

23 маусым сағат 10:00 жағдай бойынша ақпарат

21 маусымда Бұқар жырау ауданында Белағаш орман шаруашылығы аумағында туындаған табиғи өрт 22 маусымда сағат 22:13-те жойылды. Өрттің жалпы аумағы 101,5 га құрады. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 ә/б, өртке қарсы ерікті құралымдардың орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдарының күштері жұмылдырылды.

Қарқаралы ауданында екі табиғи өрт ошағын сөндіру жалғасуда.

Өрттің 1 ошағының ауданы шамамен 400 га құрайды (21 маусымда Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде пайда болды). Өртті сөндіру ТЖД және орман шаруашылығы күштерімен жүзеге асырылуда.  Бұталар мен шөптер бықсуы орын алуда.

Өрттің 2 ошағының ауданы шамамен 500 га құрайды (22 маусымда пайда болды). Өртті сөндіру ТЖД, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Ұлттық табиғи парктің, полицияның күштерімен жүзеге асырылуда.

Өртті сөндіруге барлығы 182 адам, 30 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖМ тікұшақтарымен жанып жатқан учаскелерге су ағызу жалғасуда. Барлығы 42 су ағызу жүзеге асырылды.

Өртті сөндіру таулы-жартасты жерлермен, су қоймаларының жанында болмауымен, ауыспалы бағыттағы желдің қатты екпінімен күрделенген. Отты сөндіру үшін суды жеткізу ұйымдастырылған. Өртті жою шаралар негізінен сөндіру қолда бар құралдармен жаяу тәртіпте жүргізіледі.