Палодар облысына қарасты Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында қазан айында жауған қарды видеоға түсіріп, туыстарына жіберген әйел кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Алғашқы видео 6 қазанда түсірілген екен. Балаларын сабаққа жібермек болған әйел қардың қалың жауғанын көріп,оны видеоға түсірген, кейін "Павлодарда қар жоқ" деген қайнысына жіберіпті. Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кеткен соң әйелдің үйіне адамдар келіп, оны қандай мақсатта түсіргенін сұраған. Екінші видеода ол видеоны өзі түсіргенін мойындап, ешқандай шағымы жоғын айтады.