Қарағандылықтарды «Күмбірле домбра» фестиваліне шақырады

Ашық дереккөз

Үшінші шілде – Ұлттық домбыра күні Қарағандының орталық мәдениет және демалыс саябағында «Күмбірле домбра» атты фестиваль өтеді. Мерекені қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырады.

Шара барысында 100 астам домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындайды.

Музыкалық флешмобқа әуесқойлармен қоса, кәсіби орындаушылар да қатыса алады. Ол үшін 27-ші маусымға дейін +7-701-496-45-25 (WhatsApp) нөмірі бойынша тіркелу қажет.

Фестивальдің басталуы сағат 12:00.

Қазақстанда Домбыра күні 2018 жылдан бері шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі.