Қарағанды кеншілер мәдениет сарайының сахнасында 10 ақпан күні сағат 17:30-да қала күніне арналған "Туған елім – тірегім" концерті өтеді. Кіру тегін.
"Бұл Қарағанды облысы композиторлар клубының мерекелік концерті. 2021 жылы клуб Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Туған елім – тірегім" патриоттық әндер жинағын шығарды. Концертте осы жинаққа енген әндер, сондай-ақ жергілікті композиторлардың Қарағандыға арналған шығармалары орындалады", – деп хабарлады Кеншілер мәдениет сарайында.
Анықтама телефоны 41-18-01.