Қарағандылық спортшы үстел теннисінен әлемдік рейтінгінің үздігі атанды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлемнің үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол халықаралық федерацияның рейтингісінде бірінші орынға шықты. 15 жастағы Алан бұл мәртебелі атаққа осымен екінші рет ие болып отыр. Алғаш рет 2019 жылы жастар арасында жеңімпаз болған. Ал Қазақстан тарихында үстел теннисінен ең жас спорт шебері атанды. Қарағанды өңірінде соңғы жылдары спорттың бұл түрі қарқынды дамып келеді. Өткен жылы үстел теннисінен халықаралық стандартқа сай спорт кешені ашылған.

– Кез келген спортшы үшін ең бастысы ерінбей еңбектену керек әрі төзімділік қажет. Алдыға мақсат қойып, соған жетуге барынша күш салған абзал. Сонда ғана нәтиже болады, - дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев.