Қарағандылық шахтерлер мен металлургтерге 5 пайызбен ипотекалық несие беріледі

Қарағанды облысында шахтерлер мен металлургтерге 5 пайызбен ипотекалық несие беру туралы бастама көтерілді. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен бирфинг барысында айтты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

- Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында кеншілер тұрғын үй мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтар қойған еді. Облыс әкімдігі «Отбасы банкімен» бірге жаңа ипотекалық несие бағдарламасын қабылдау туралы бастама көтерді. Шахтерлер мен металлургтерге 5 пайызбен несие берілуі тиіс. Бұл бастаманы кеншілер мен метталургтер қолдады. Қазіргі таңда банкпен несие беру механизмі дайындала бастады. Келесі жылы жылдың бюджетіне қажет сомма бөлінеді. Бұл бағдарлама алдағы 5 жылда жұмыс істейді деп жоспарлануда, - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.