Қарағандыда санақтан 222 124 адам онлайн өтті

Қарағанды облысында а. ж. 18 қыркүйек сағат 13-00-дегі жағдайы бойынша 222 124 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті.
Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 18 қыркүйек сағат 13-00-дегі жағдайы бойынша 222 124 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 16,2%-ды құрайды.
Облыс аймақтары бойынша Нұра ауданы көшбасшы. Онда 33% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Осакаров (27,4%) және Ұлытау (25,5%) аудандарында қамтамсыз етілген.
Балқаш қаласы және Бұқар жырау ауданында ең төмен қамтылғаны белгіленді, онлайн санақтан өткендер сәйкесінше 11,8 % және 11,3% халық саналды.