Қарағандыда BMW жеңіл көлікпен қақтығысып, жанармай құю бекетіне соғылды

Қарағандыда BMW X5 жүргізушісі Audi-мен соқтығысып, жанармай бекетіне бұзып кірді. BMW жолаушыларының бірі қайтыс болды, екіншісі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды saryarqanews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды-Саран тасжолында жол апаты болды. Қарағанды облысының ЖКО баспасөз қызметінің мәліметінше, BMW X5-тің 22 жастағы жүргізушісі Саран қаласына қарай бара жатып, 26 жастағы жүргізуші тізгіндеген Audi автокөлігімен соқтығысқан. Кейінгі жанармай бекеті маңында бұрылған.

"Жол апаты салдарынан BMW X5 автокөлігінің 22 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 24 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп толықтырды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.