Қарағандыда бір жыл бұрын жоғалған жігіттің сүйегі табылды

Қарағанды облысында былтыр белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 27 жастағы Қасымхан Жұмашевтің мәйіті табылды. Бұл туралы Rina.kz еріктілер қозғалысы мәлімдеді.

 

Полиция мәйіттің жанынан өткен жылдың 26 тамызында жоғалып кеткен Қасымхан Жұмашевтің құжаттары болғанын хабарлады.

27 жастағы жігіт хабар-ошарсыз кеткен 2020 жылдың 26 тамызында хабар-ошарсыз кеткен. Қасымхан ҚарМТУ магистратурасына емтихан тапсыруды жоспарлап жүрген. Туыстарының айтуынша, ол бұған ұзақ уақыт дайындалып, сынақтан өткен. Бірақ түсте анасына қоңырау шалып, кешке үйге келмейтінін, досының үйінде қонақ болатынын айтқан. Бұдан соң телефонын өшіріп тастаған. Содан бері оны ешкім көрмепті.

Қасымханның туыстары жігіттің бұрын ешқашан жоғалмағанын және ұзақ уақыт байланыспай жүрмейтінін айтады. Жергілікті кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген азамат туралы әріптестері жұмыс өтілінің аздығына қарамастан оң пікірде екендерін жеткізген. 

Медициналық сараптама адам өлімінің себебін анықтайды. Оның ішінде кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру немесе басқа себептен қайтыс болғаны анықталады. Соған сәйкес тиісті қылмыстық бап бойынша іс қозғалады.