Қарағанды облысының экологиялық жағдайы

Ашық дереккөз

Қарағанды облысының әкімдігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында аймақтың экологиялық жағдайы, облыста ішкі туризиді дамыту, 2022 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау, мемлекеттік қызметтер көрсету жайында мәселелер  талқыланды.

Қарағанды облысы республикадағы ірі өнеркәсіптік аймақтың бірі болып табылады және өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті өскен, қоршаған ортаға техногендік әсер етуде. Облыста қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін басқарма тарапынан қоршаған ортаны қорғаудың барлық бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде»,- деді Қанат Мұсарапбеков, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

Сондай - ақ, аймақтағы өнекәсіптік өндірістерге сүзгі қойып, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың аз бөлінуі үшін жұмыс жасалып жатқанын атап өтті Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы. Алайда  өнеркәсіп иелері сүзгіні аламыз деп  құрғақ уәдемен құтылып кететінін де жасырмады.  Теміртау қаласының Қазақстандағы ауасы ең лас қалаларлың қатарында екені мәлім. Осы тұста мәселені шешу үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жол картасы бойынша:

1. Зауыт басқармасының орталық кіреберістеріне жарық диодты экрандар орнатылды;

2. Санитарлық қорғау аймағын абаттандырылды;

3. № 5 кокс аккумуляторының шығымсыз газдарына арналған түтін құбыры демонтаждалды және орнатылды.

Сонымен қатар обылыс аумағында экологиялық мәлениетті насихаттау үшін түрлі сенбіліктер мен акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Жиын барысында экология департаменті қанша мемлекеттік қызмет көрсетілгендігі жайында есеп берді.

Экология департаменті 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген жаңа Экологиялық кодекске сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

- «Қоршаған ортаға әсерді бағалау және (немесе) болжанатын қызметтің әсерлерін скринингтік тексеру көлемін айқындау туралы қорытынды беру»;

- «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру»;

- І санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат беру;

- қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру;

Жалпы, 2022 жылдың 5 айында 572 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Ақниет ЫСҚАҚ