Қарағанды облысындағы ішкі туризм

Ашық дереккөз

Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында өңірдегі ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Юрьевна Аблаева өңірде туристік ағынды арттыру жоспарланып отырғаны айтты.

Демалыс орындарында «eQonaq» ақпараттық жүйесі қолданыла бастады – бұл салада да цифрландырыла бастады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл ақпараттық жүйені пайдаланатын саны 64 бірлікті немесе жалпы санның 25,9 пайызын құрады, қамту жоспары 17 пайызды құрады», - деді Татьяна Аблаева.

Шілде айында Балқаш бойындағы инженерлік инфрақұрылым – Бертіс шығанағындағы туристік нысандарға электр желілері, су құбыры және канализация құрылысын аяқтау жоспарлануда. Инфрақұрылым Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Балқаш бұл бағдарламаның ТОП-10-на енді, сондықтан 2021 жылы республикалық бюджеттен инфрақұрылымға 400 миллион теңге бөлініп, игерілді. Биыл тағы 46,4 миллион игерілмек екендігін атап өтті Татьяна Юрьевна.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айында Тораңғалық және Шұбар Түбек ауылдарына инженерлік инфрақұрылым тартудың ЖСҚ әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Осыдан кейін Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім беріледі. Балқашқа қарасты Тораңғалық және Шұбар Түбек ауылдарында 90 гектар тегін жер телімі инвесторларға беріледі. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін кем дегенде 4 миллиард теңгеге жуық қаражат керек.

Қоғамдық кеңес мүшелері  жағажайлық демалыс орындарына ғана инвестиция жасамай,  обылыс аумағындағы тарихи жерлерге де көңіл бөлуді ұсынды. Туристік пакеттер даярланса деген ұсыныстар айтылды.

Жақында құрылған Ұлытау облысы Қарағанды облысының құрамында болған кезеңде басты назар осы аймақтағы  тарихи жерлерге берілген болатын. Ендігі өз алдына обылыс болып бөлінгендіктен кеншілер аймағына  арнайы туристік бағыттар дайындайтын боламыз . Бірақ бұл Ұлытау маңындағы туристік бағыттарға мүлдем көңіл бөлмейміз деген сөз емес, - деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы.