Қарағанды облысында өндірушілердің өнеркәсіптік алыптармен серіктестігі нығайтылды

Қарағанды облысының өнеркәсіптік алыптарының жергілікті өндірушілермен серіктестігі күшейе түсті. Өңір әкімдігінің «АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыспен» бірлесе жұмыс істеген екі жыл аралығында компаниялар сатып алулар кезінде отандық тауарлардың үлесін ұлғайтып қана қоймай, жеткізушілер тізімін де кеңейтуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» сатып алуларындағы қазақстандық қамту 72%-ды, «Қазақмыста» – 50%-ды құрады.

           a

Облыс әкімдігінде жергілікті қамтуды дамыту бойынша ынтымақтастықтың қорытындылары туралы айтылды. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек өнеркәсіпшілер мен жергілікті өндірушілердің қатысуымен онлайн-кездесулер өткізді.

– Жергілікті қамту үлесін арттыру үшін біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп меморандумға қол қойдық, оған Қарағанды облысының 44 тауар өндірушісі енгізілді, – деп хабарлады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков. – Жергілікті өндірушілердің шикізаттық емес тауарлар көлемін арттыруына баса назар аударылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай сатып алу көлемі 34,2 млрд теңгені құрады – бұл 2,9 млрд теңгеге артық немесе 2020 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға өсті. «Қазақмыс» бойынша бұл сома 96,3 млрд теңгені құрады. Жергілікті тауарлардың үлесі екі акционерлік қоғамда да өсті.

Жақын арада компаниялар 2022 жылға арналған сатып алу жоспарларын ұсынуға уәде береді. Олар 1 ақпанға дейін «Қазақстандық қамту» интернет-порталында орналастырылады.

Кездесуде проблемалар да талқыланды. Кәсіпорын өкілдері компания өкілдеріне тікелей өз сұрақтарын қоя алды.

– Біз оң қарқынды көріп отырмыз, қазақстандық және жергілікті қамтудың өсуі жүріп жатыр. Компаниялар ашық бола бастады. Бұл ретте біз қарағандылық кәсіпорындардың өнімдері сұранысқа ие болуына мүдделіміз. Біз «баға – сапа» тең жағдайда жергілікті тауарларды сатып алуды талап етеміз. Осындай форматта кездесуді жалғастырып, пісіп-жетілген мәселелерді бірге шешетін боламыз, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қарағанды өңірінің тауар өндірушілерін қолдау және жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.