Қарағанды облысында 587 қылмыс іздеуші иттердің көмегімен ашылды

Қарағанды облысында 587 қылмыс іздеуші иттердің көмегімен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының Полиция департаментінде кинологиялық қызмет орталығы жұмыс жасайды. Полицияның 38 адал достары – іздеу иттері бар. Олардың жұмысы сан қырлы: төрт аяқты көмекшілер қоғамдық тәртіпті қорғауға, түрлі қылмыстарды ашуға, соның ішінде есірткі бизнесіне қатысты қылмыстарды ашуға қатысады.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында іздеуші иттердің көмегімен 587 қылмыс ашылды, оның ішінде 59 есірткі затын сақтау мен сату бойынша. Соңғысынан 54 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Алынған есірткінің жалпы салмағы 80 келіден асады. Олардың ішінде 5 келіден астамы синтетикалық препараттар. Ал криминалдық полиция сапында 241 бөтеннің мүлкін ұрлау әшкереленді.