Еріктілер 10 қарағандылық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті

Қарағанды облысы еріктілерінің фронт-кеңсесі самбо федерациясының құрметті президенті Данияр Қалымбетовпен бірге мұқтаж жандарға азық-түлік тарату бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

                           a

— Қарағандыда 10 отбасы азық-түлік алды. Бұл көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, 1-топтағы мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлер. Азық-түлік жиынтығы екі кішкене тордан тұрды: картоп, пияз, 5 литр май, 4 кг қарақұмық, 4 кг қант, бір қорап ұн, 10 кг макарон, 10 кг жұқа кеспе, 5 кг күріш, бір қорап шай. Әр отбасыға осындай жиынтық таратылды, — дейді облыстық волонтерлер фронт-кеңсесінің жетекшісі Мәдина Тұрсынбекова. — Акция осымен аяқталмайды.

                             a

Енді еріктілер ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуді жоспарлап отыр.   

— Мен Қарағанды облысының ардагерлер кеңесіне қоңырау шалып, бізге көмекке мұқтаж адамдардың тізімін берулерін сұрадым. Сондай-ақ, біз қарттарға аулаларда қар тазалауға, зейнеткерлер мен мүгедектердің үйлері мен пәтерлерін тазалауға, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және т.б. жеткізуге көмектесеміз, Менің нөмірім +7-778-673-35-35, Ssenim109 байланыс орталығында көрсетілген. Мұқтаж адамдар қоңырау шала алады, — деді Мәдина Тұрсынбекова.