Доллар қымбаттады

Ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде сейсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 - 450 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 448 - 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.

21 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,57 теңгеге қымбаттап, 448,32 теңге болды.

Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 93 теңге