Әбсаттар қажы Дербісәлі жансақтау бөліміне жатқызылды

Белгілі дінтанушы, он жылдан астам уақыт ҚМДБ төрағасы, бас муфти лауазымында қызмет атқарған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді.

"Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті...

"Достан – дұға" дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.