Біздің күшіміз – бірлікте

Сын сағатта ел ішіндегі қауіпсіздікті қорғау үшін, әр қаланың кіре берісіндегі күре тас жолдарға блок бекеттер қойылып, қорғаныс күшейтілген. Қарағанды гарнизонына қарасты сегіз жолға да блок бекеттер қойылып, Қарул Күштердің әскери қызметшілері, ТЖД мен ІІД қызметкерлері маңызды миссияны атқару үшін қызметтеріне атқаруда.
 
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің мамандары қиын сәтте елге қалқан болған әскери қызметшілерді қолдау мақсатында блок бекеттерде күзетте тұрған әскери қызметшілердің жағдайларын сұрады. Оларға бауырсақ пісіріліп, ыстық дәмнен ауыз тигізді.
– Елімізде соңғы уақытта қиын сәттер орын алып, күзет күшейді. Бұл істі атқаруға әскери қызметшілер жұмылдырылды. Жігіттердің көңіл-күйін сұрап, қолдау таныттық, – деп атап өтті өз сөзінде «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет маманы Гүлнәр Сматова.