Биіктен секіремін деп қаза болған әйел туралы жаңа деректер айтылды (видео)

Қарағанды қаласында 33 жастағы келіншек "Созвездие" қонақүйінің төбесінен роупджампинг арқылы секіремін деп қаза тапты. Ол 30 метр биіктіктен құлаған. Дәрігерлер аса ауыр жағдайда жеткізілген науқастың өмірін сақтап қалу үшін күресті, бірақ, ауыр жарақат алған келіншек ауруханада көзжұмған. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу басталды. 

 - Аталмыш факт бойынша  Қылмыстық кодекстің 306 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Осы іске қатысы бар күдіктілер 160 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе дәл осы сома көлемінде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Немесе, 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылуы, 40 тәулікке дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, оларға белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және жауапты лауазымдарға 3 жылға дейін жұмысқа орналасуға тыйым салынады. 

Қаза болған келіншек спорттың осы бір түрімен көптен бері айналысып жүр екен. Оның артында күйеуі және екі баласы қалды. Сондай-ақ, жақында анасы қайтқан туысының баласын да бауырына басып, тәрбиелеп отырғаны белгілі болды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @life09kaz