Балқашта құрылысшыларға арналған ескерткіш қалпына келтірілді

Балқашта қаланың алғашқы құрылысшыларына арналған ескерткіш қайта қалыпқа келтірілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ескерткіш 1968 жылы 29 қазанда Орталық саябақта ашылды. Ұзақ жылдар бойы ол бірнеше рет қалпына келтірілді, бірақ соған қарамастан жақында ескерткіште жарықтар және бетон тұғырда тесіктер пайда болды. Жақында мердігерлік ұйымның күшімен монументтің жұмыскерлер бейнеленген сәндік қабырғасы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, мердігер тесіктерді бітеп, фигураны және рельефті бояп, жаңа бетон құйды.

"Бес метрлік ескерткіш жұмысшының мүсінін бейнелейді. Оның қолында елдің алғашқы бесжылдықтарындағы құрал болып табылған күрек бар. Қалпына келтірумен шарттық міндеттемелер шеңберінде қаланың аллеялары мен гүлзарларын қадағалайтын мердігерлік компания айналысты", – деп атап өтті Балқаш әкімдігінде.