Алматыда Республика алаңында қаза тапқан әскерилерге мемориал орнатылады

Алматыда Офицерлер үйі маңында қаланы қорғау кезінде содырлардың қолынан қаза тапқан Қарулы күштер офицері Сәнбідек Хаировпен қоштасу рәсімі өтті. Жиын кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза болған жауынгерлер мен әскерилерге Республика алаңында ескерткіш орнатылатынын мәлімдеді.

"Қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің есімін мәңгі есте сақтау үшін Республика алаңында мемориал орнатылады. Елімізді террористерден қорғап, азаматтардың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті сақтаған батырлардың ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек", - деді әкім.