Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы үш күнде – 8-10 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің болжамынша, кезең басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын және тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Кезеңнің соңына қарай елдің солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан антициклон ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Солтүстік өңірлерде түнде -15...-28°C, орталық өңірлерде -15...-25°C, шығыста -15...-30°C градус аяз күтілуде.

8 ақпанда ірі қалаларда ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -8, күндіз -5 градус.

Алматыда күн бұлтты, түнде -3, күндіз -1 градус суық.

Шымкентте күн бұлтты, аздап қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -2 градус суық, күндіз +2 градус жылы.