Ұлттық банк доллардың 13 мамырдағы ресми бағамын белгіледі.
Жұмада доллар бағамы 434,76 теңгеге тең болды. Айта кетейік, америкалық валютаның 12 мамырдағы ресми бағамы - 442,61 теңге болған.
Рубльдің 13 мамырдағы ресми бағамы - 6,91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 436,68 теңге, сату - 441,45 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 436,21 теңгеден сатып алынып, 439,44 теңгеден сатылып жатыр.