Ұлытауда жас кәсіпкер жылдам тамақтану орталығын ашты

Ұлытаулық Әмірхан Есенқабыл аудан әкімінің грантына Dos Homes Ulytau жылдам тамақтану орталығын ашқан. Алынған миллион теңгеге ол қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі кезде кәсіпкер төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.

Dos Homes Ulytau ашылуына Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысты.

Бүгінгі күні жылдам тамақтану орталығының мәзірінде суши, пицца, қанаттар, фри картоптары және басқада көптеген тағамдар бар. Сонымен қатар, Playstation 4, үстел теннисі, қағаз басып шығару сияқты қызметтер ұсынылады.

Ұлытау ауданының әкімдігіндегілер орталық тарихи ескерткіштер мен қызыққа толы өңірге келген қонақтарға қолайлы болады деп есептейді.