Облыс әкімі Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барды

Ұлытауда туризмді, тұрғын үй және демалыс салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ауылда екі 16 пәтерлі және екі 8 пәтерлі үйлер салынуда. Сапар орталығы салынды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Ұлытау ауданына барып қайтты.

Өңір басшысы төрт көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүргізілуде. Тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға берілетін болады.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауданда туризмді дамытудың драйвері болуы тиіс сапар-орталыққа барды. Онда туристерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Қонақ үй, конференц - және ақпараттық залдар бар. Сапар-орталықта туристер Ұлытаудың табиғи және тарихи ескерткіштері туралы ақпаратты көрнекі экспозиция түрінде ала алады.

Ұлытау келешекте этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс.

Жеңіс Қасымбек Қарсақпай кентін де назардан тыс қалдырмады. Онда ол биылғы жылы пайдалануға берілуі тиіс 100 орындық ДСК-ның құрылыс барысын тексерді. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев спорт кешенінде жылыту орталықтандырылған болатынын атап өтті.

Жөндеуді қажет ететін Қарсақпай агротехникалық колледжінде облыс басшысына құрылыс жұмыстарының нәтижесі көрсетіліп, оқу процесін ұйымдастыру туралы айтылды.

Ұлытау ауданы бойынша жұмыс сапарының соңында Жеңіс Қасымбек Қарсақпайдағы ДСК құрылысының барысын бақылауды тапсырды.

– Нысанды уақытында тапсырып, тұрғындар күзге қарай осында жұмыс істей алуы керек, – деді аймақ басшысы.