Елбасының еңбек отаны – Теміртау қаласында алдағы Тұңғыш Президент күнін ерекше атап өтеді. Мереке қарсаңында металлургтер қаласында барлық азаматтық секторды біріктіретін Достық үйі ашылды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа әлеуметтік нысанды аралап, қоғам белсенділерін жаңа қоныстойымен құттықтады.
Кәсіптік-техникалық училищенің бос тұрған үй-жайы екінші өмірге ие болды. Ғимараттың іші-сырты қайта қалпына келтірілді. Достық үйінде этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ, жастар және еріктілер ұйымдары орналасады. Олардың жұмысы үшін 57 кабинет жабдықталған. Медиа студиясы бар.
Түрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп, жетілдіре алатын тіл клубы жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында медиация кабинеттерін ашу жоспарлануда.
- 1 рет қаралды