Зайнутдинов "Аталантамен" 5 жылдық келісімшартқа отырды

Мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өз карьерасын Италия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің ақпаратынша, 22 жастағы Зайнутдинов "Аталантамен" бес жылдық келісімшартқа отырды. Келісімшарттың қаржылық мән-жайы айтылмайды. Бірақ трансфердің құны 7-10 млн евро болуы мүмкін.

Футболшы биылғы маусымды ЦСКА сапында аяқтап, Италияға содан кейін аттанады. ЦСКА құрамында Ресей премьер-лигасында қазақстандық ойыншы 19 матч өткізіп, бір гол мен бір ассистің авторы атанған.

Зайнутдинов ЦСКА-ға 2020 жылдың тамызында ауысқан, ЦСКА "Ростовқа" екі млн евро төлеген.