Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аслан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Star Contender жасөспірімдер турнирінде екі күміс жеңіп алды. Жарысқа әлемнің 20 елінен спортшылар қатысты.
Жеке есепте Алан Мохаммед аль-Салуатиді (Катар) 3:0, Юссеф Айдлиді (Тунис) 3:0, Юлиан Рзихаушекті (Австрия) 3:1, Ян Величковты (Болгария) 3:1 есебімен жеңді. Финалда қарағандылық спортшы Тамито Ватанабеден (Жапония) 1:3 есебімен ұтылды.
Жұптық сында Юсеф Айдлимен (Тунис) бірге Құрманғалиев жарыстың екінші күмісін жеңіп алды.
Спортшының тәлімгері – үстел теннисінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.