Қарағандылық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қарағандылық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында медаль жеңіп алды. Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Жансай Смагулов 73 кг салмақ дәрежесінде алтын алса, Ерқанат Молдагулов 100 кг салмақ дәрежесінде екінші орынға иеленді.

Оралда дзюдодан ел біріншілігі өтті. Оған Қазақстанның 14 облысынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 400-ден астам үздік палуан қатысты. Үш күндік турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама жаңа маусымға жасақталады.

– Біз таза парақтан бастадық десек болады. Қазақстан чемпионатындағы жеңіс – жаңа маусымдағы табысты жарыс. Бірінші және өте маңызды жарыстар – ақпан айында Парижде Үлкен Дулыға өтеді. Біз дайындаламыз, –  деді Жансай Смагуловтың жеке бапкері Қайдар Қанжанов.

Қазақстан чемпионатының жүлдегерлеріне Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов бірінші орынға – 150 мың теңге, екінші орынға – 100 мың теңге және үшінші орынға – 50 мың теңге мөлшерінде арнайы ақшалай сыйлық табыс еткенін атап өтеміз. Сондай-ақ, турнир аясында дзюдошы Елдос Жумаканов спорттық мансабының аяқталғанын ресми түрде жариялады. 

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша