Қарағандылық Алан Құрманғалиев Чехияда өткен үстел теннисінен турнирде жеңіске жетті

Ашық дереккөз

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Чехияның Гавиржов қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде кезекті жеңіске жетті. Оған әлемнің 30 елінен 11, 13, 15, 17 және 19 жастағы спортшылар қатысты.

Ересектеу жасөспірімдер арасында Санжар Жұбанов, Ескендір Харки, Сағантай Құрмамбаев жақсы нәтиже көрсетті. Олар топтық кезеңнен сәтті өтті, бірақ 1/32 финал кезеңінде есе жіберіп, ойындарын тоқтады.

Алан Құрманғалиев 16 жастағы жасөспірімдер арасында өнер көрсетті. Ол алдымен кіші топта бірінші орын алды, содан кейін 1/16 финалда Катардан Равад Алнасерді 3:1 есебімен жеңді.

1/8-де ол Польшадан Марсель Блащикті 3:0, ширек финалда украиналық Михаил Ловгты 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Алан Болгариядан келген Йоан Величковты басып озды. Есеп – 3:1.

Финалда қазақстандықтың қарсыласы 27 мамырда Испанияда өткен турнирде есе жіберген жапониялық Казуки Ешияма болды. Бұл жолы Алан Құрманғалиев 3:1 есебімен жеңіске жетті.