Қарағандыда шағын футболдан турнир өтеді

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 17-28 мамыр аралығында алғаш рет оқытушылар мен қызметкерлер арасында мини-футболдан чемпионат өтеді.

Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Турнирдің жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.  Сондай-ақ "Үздік қақпашы", "Үздік қорғаушы", "Үздік шабуылшы", "Үздік бомбардир", "Үздік жанкүйер"номинациялары бойынша бағалы сыйлықтар қарастырылған.