Қанат Ислам келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін хабарлады

36 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі кездесуін 20-ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізетін болды. Бұл туралы боксшының өзі Instagram парақшасында жазды.

Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 21-қазан күні  09:00-де басталады. Отандасымыздың қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр.